Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспары

Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспары

Білім беру процесін жүйелеу, сала мамандарының кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Министрлік 2020 жылы Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарын бекітті.

2020 жылы Арнайы жоспар шеңберінде бірнеше іс-шара іске асырылды, атап айтқанда:

- медицина, дін және экология салаларында маманданған журналистерді оқыту мақсатында Еліміздің университеттерімен меморандумдарға қол қойылды;

- гранттық жоба аясында 912 журналист оқыту курстарынан өтті;

- Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде Өңірлік БАҚ форумы, баспасөз хатшыларына мен баспасөз қызметі қызметкерлеріне, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер өтті.

Ағымдағы жылы Арнайы жоспар аясындағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларын қайта қарау және жетілдіру, оқыту курстарын өткізу жоспарлануда.

Сала мамандары үшін шетелдік тағылымдамалар өткізу, Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде белгілі әлемдік журналистерді, медиа тренерлерді тарта отырып оқу өткізу.