2021 ж. бірдей декларациялауды

2021 ж. бірдей декларациялауды

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап елде жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталды. Салық заңнамасында жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңде айқындалған. Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) декларациялануға міндетті: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ету міндеті жүктелген адамдар.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мемлекеттік қызметшілердің ағымдағы жылы қандай декларация тапсыруы керектігін түсіндірді. Жалпыға бірдей салықтық декларациялау енгізілгенге дейін мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарына 230.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларды табыс етті. Алайда, кірістер мен мүлік туралы декларацияны (230.00-нысан) ұсыну бойынша талаптар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады. Бұл 2021 жылы аталған тұлғалардың 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелерді көрсете отырып, 250.00-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуы тиіс екендігіне байланысты. Декларация тұрғылықты  жері бойынша ұсынылады: қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде-ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей жіберу; электронды түрде ұсынылған жағдайда – ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей жіберу. 2020 жылы мүліктік табысты, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден табысты және Салық кодексінің 363-бабында көзделген өзге де кірістерді алған жағдайда аталған тұлғалар орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс ететінін ескеру қажет. Осы декларацияны тапсыру мерзімі 2021 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жіберу. 2022 жылдан бастап мұндай кірістер 270.00 нысаны бойынша декларацияда көрсетіледі. Егер жеке тұлға қате бойынша 2020 жылға арналған 230.00 нысан бойынша декларация тапсырған жағдайда, онда мұндай декларация кері қайтарып алуға жатады.

Осылайша, 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары 250.00 нысан бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырады.

 

Искакова А.Ж.

УГД по Егиндыкольскому району