Адам құқығын қорғау - прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі

Адам құқығын қорғау - прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі

Прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ зардаптарды анықтау және жою болып табылады.
Егіндікөл ауданының прокуратурасымен апта сайынғы талдауды жүзеге асыру және аудан кәсіпкерлерімен олардың қызметіндегі проблемалық мәселелерді, оның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан мүмкін болатын заңсыз араласуларды талқылау бойынша кездесулерді ұйымдастыру жолымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде.
Мысалы, 2020 жылы мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізу кезінде аудан прокуратурасымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша 4 кәсіпкердің заңды құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, заңдылықты бұзу фактілеріне жедел ден қою мақсатында, Егіндікөл ауданы прокурорының өкімімен прокуратура және уәкілетті органдар қызметкерлерінен ("Nur Otan" партиясының Егіндікөл филиалы, Кәсіпкерлер палатасының филиалдары, Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі) тұратын мобильді жұмыс тобы құрылды.
Осыған байланысты, құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары, егер Сіз мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексерулерге ұшыраған немесе куә болған жағдайда, Егіндікөл ауданының прокуратурасында 2-14-64, 8-777-883-20-19 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейтінін хабарлаймыз.