Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2026 жылғы 2 қазан күні сағат 15.00-де Егіндікөл а. Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Егіндікөл ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Ақмола облысы әкімінің аппараты