Ақмола облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасымен кездесу

Ақмола облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасымен кездесу

Аудан әкімі Ерлан Исабеков Ақмола облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Дуанбай Кәзібайұлымен кездесуде  бірқатар өзекті мәселелер талқылады.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Ауған соғысы батырларының ерліктерін дәріптеу мәселелері қозғалды.

Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілдинов Жақып Қажкенұлына "Ауғанстаннан 66 ОМСБр әскерді шығарғанына 30 жыл" төсбелгісі табысталды.

Сонымен қатар, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған А.Ахетованың "На той войне, незнаменитой" атты естелік кітабы ауданның кітапхана қорына тапсырылды.