Санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтер жүргізілді

Санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтер жүргізілді

Егіндікөл ауданының мониторингтік тобы Егіндікөл ауылындағы "N12 Агротехникалық колледжі" МКҚК-да карантиндік шараларды сақтау бойынша рейд жүргізді.

Мониторинг барысында мобильді топ объект қызметкерлерімен және студенттермен коронавирустық инфекцияның алдын алу және COVID-2019 ауруының пайда болуына жол бермеу мақсатында маскаларды міндетті түрде кию, жеке гигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Аудан аумағында барлық жеке және заңды тұлғалармен, соның ішінде кез келген меншік нысанындағы ұйымдармен Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын қатаң сақтауды тағы да еске саламыз.