Аудан әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Аудан әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Азаматтардың кезекті қабылдауына Жалманқұлақ ауылының тұрғыны Қ.С.Ахметов мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдарды қосымша бөлу мәселесі бойынша жүгінді. Шаруашылығында 250-ден астам ірі қара мал, 300-ден астам ұсақ мал, сондай-ақ 80 жылқы бар. Қолда бар жерлер мұндай мал басы үшін жеткіліксіз болғандықтан жүгініп отыр.

К.С. Ахметовке ағымдағы жылы жалпы ауданы 3 мың гектардан астам жерді жалға беру бойынша 2 конкурс өткізілгені түсіндірілді, Келесі конкурс 2021 жылы өткізілетін болуы жеткізілді. Сондай-ақ, өтініш берушіге мал шаруашылығын дамыту бойынша несиелеу бағдарламаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.