Аудан әкімі Исабеков Ерлан Шойұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында Спиридоновка ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы Т.М. Троценко жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ауыл әкімі С. М. Асиловтың өз қалауы бойынша жұмыстан босатылуымен келіспеуі туралы мәселемен жүгінді. Өтініш берушіге түпкілікті шешім қабылдау үшін жиналыста ауыл әкімінің тыңдалуын ұйымдастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, Қоркем ауылының тұрғыны, II топтағы мүгедек, жұмыссыз Е.С. Ахметов Егіндікөл ауылында тұрғын үй беру мәселесі бойынша өтініш білдірді. Бүгінде мұқтаж азаматтардың түрлі санаттарынан 64 адам тұратын тұрғын үй алу үшін кезекке тұру қажеттілігі туралы түсініктеме берілді. Е.с. Ахметовке жақын арада ТКШ бөлімі ғимаратының 2-қабатында ашылатын жатақханадан бөлме ұсынылды.
Сонымен қатар, Нұр-сұлтан қаласының екі тұрғыны Абай ауылының маңында картоп отырғызу үшін жер телімін бөлу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Жер кодексі бойынша ауыл шаруашылығы жерлері конкурс бойынша берілуі мүмкін екендігін түсіндірді, бау-бақша өсіруге арналған жер учаскесін алу нұсқасын қарастыруды ұсынды (конкурстан тыс 1 га), сондай-ақ АӨК саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.