Бүгін жиында экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Е.А. Русецкая ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Бұған дейін әлеуметтік қолдау шаралары Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ғана қатысты болған, жаңа өзгерістерді ескере отырып, бұл шаралар ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне де ұсынылатын болады.
Бұл ретте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау басшы лауазымдардағы адамдарды қоспағанда беріледі.
Сонымен қатар, мамандарға бұл әлеуметтік қолдау бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі болмаса , сондай-ақ соңғы 2 жылда 90 күннен астам мерзімі өтпеген кезде ұсынылады.