Құрметті мұғалімдер, білім мекемелерінің қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері!
Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің әрқайсымыздың өмірімізде өз Ұстазымыз бар – ол даналықпен, рухани жомарттықпен, терең біліммен өзінің ішкі әлемін білуге көмектесіп, оны байытуға, болашақты құруға үйретті. Оқушылардың тағдыры, елдің ертеңі көбінесе мұғалімге, оның кәсіби және адами қасиеттеріне байланысты.
Қазіргі уақытта мемлекет педагогикалық қызметкерлерге және жалпы білім беру жүйесін дамытуға үлкен көңіл бөлуде. "Педагог мәртебесі туралы" Заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25% - ға артып келеді, 30% - дан 50% - ға дейін қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін аттестаттау жүйесі енгізілді. Ауданымызда биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 6 мектепке жалпы сомасы 150 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балалар мен жастардың спортпен шұғылдануы үшін Егіндікөл ауылындағы орталық стадионның жөнделуі мен жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқталуда.
Жас мұғалімдер үшін үлгі, өз кәсібіне терең берілгендіктің үлгісі болып табылатын педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.
Құрметті ұстаздар, сіздерге баға жетпес еңбектеріңіз үшін, мейірімділік пен сезімталдық, даналық пен білім, кәсібилік пен жанқиярлық үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Мереке құтты болсын қымбатты ұстаздар!
Аудан әкімі
Ерлан Исабеков