Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық  заңының, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына және «Егіндікөл ауданы Бауман ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Бауман ауылының әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы                     10 маусымдағы  №38/24 қаулысы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 шілдедегі  №3/30  «Егіндікөл ауданы Бауман  ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы»  қаулысына сәйкес, Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары

 

Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Бауман сайлау округі  Бауман ауылының шекарасында.

 

Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы,   Жеңіс көшесі 7, Егіндікөл ауданының аудандық әкімдігінің ғимараты, телефоны 8(71641)2-11-66.

 

Комиссия төрағасы– Жаңабаев Самат Жаңабайұлы;

Комиссия төрағасының  орынбасары– Джұмабаева Гүлзада Серікқызы;

Комиссия хатшысы – Дингель Андрей Владимирович;  комиссия мүшелері: Попова Лидия Николаевна, Ибраева Гузель Рамильевна, Шадура Татьяна Васильевна, Шоқыбай Асқар Серікұлы.

 

 

 

Егіндікөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
12 июня 2026