Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06-16.06.2026

1 кезеңге жіберу: 15.06-16.06.2026

2 кезеңге жіберу: 17.06.2026

Практикалық баға: 18.06.2026

Анықтама телефоны: 87164221855

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок А, грейд 3

 

Лауазым атауы:

cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын сумен жабдықтау саласындағы нормативтерді сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру. Ауданның коммуналдық меншігін сумен жабдықтау объектілері мен инженерлік желілерін қысқы кезеңге дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру. Ауданның коммуналдық саласы объектілерін жылытуды қамтамасыз ету үшін қажетті көмір қорын құруды үйлестіру. Жазғы жөндеу - қалпына келтіру кезеңінде коммуналдық меншік объектілерін, сумен жабдықтау объектілерінің магистральдық желілерін бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру. Ауданды абаттандыру бойынша іс-шараларды орындау. Ауданды абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылау және ұсыныстар әзірлеу. Абаттандыру объектілерін жөндеу және күтіп ұстау бойынша мердігерлік ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылау. Бөлімнің құжаттамасын және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларында (жылу немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)) немесе қызметтер (тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

     

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5352318745

 

Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы
Дата публикации
11 июня 2026