Ауа райының тез жылынуы мен қардың еруіне байланысты Қоржынкөл ауылында су тасқыны қауіпі төмен деңгейде, соған қарамастан су тасқынына қарсы күресуге «Қоржынкөл-А» ЖШС бірнеше техника бөлді, алдын ала көзделген іс-шаралар арқасында Қоржынкөл ауылының көшелерін су басу қаупінен құтқарды. Судың кедергісіз қозғалысы үшін техникамен жасанды қосымша арықтар жасалды. «Қоржынкөл-А» ЖШС көшелерді тазалау жұмысынан басқа зейнеткерлер үйлерінің ауласынан қар шығарып, тазалауға көмектесті. «Қоржынкөл-А» ЖШС директоры А. Т. Ошақбаевқа жедел реакция көрсетіп, көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.