"Қоржынкөл-А" ЖШС және "Агростиль-Г" ЖШС көмегімен 22 наурызда Қоржынкөл ауылында Наурыз мерекесі өтті. Ауыл тұрғындары арқан тарту, салмақ көтеру және т.б. спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, концертті тамашалап, көңіл көтерді. Алаңға жиналған тұрғындарға палау, бауырсақ және кәуәп тегін таратылды.