2025 жылғы 15 мамыр аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынтыландырылған білім алушыларды анықтау.
Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1.Математика;
2.Жаратылыстану;
3.Қазақ тілі мен әдебиеті;
4.Орыс тілі мен әдебиеті;
5.Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі;
6.Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;
7.Ағылшын тілі;
8.Қазақстан тарихы.
Ақмола облысынан 16 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен – 5 оқушы, грамотамен - 3 оқушы марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңінің қорытындысы бойынша I-дәрежелі дипломмен "Қазақстан тарихы" пәні бойынша Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Кенжебай Акылбай марапатталды.
IІ-дәрежелі дипломмен "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 5-сынып оқушысы Пасечнюк Ольга марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
"Математика" пәні бойынша Жанғазин Исатай – Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
"Математика" пәні бойынша Куандыков Али - Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;
"Жаратылыстану" пәні бойынша Меркулова Лиана – Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы 5-сынып оқушысы;
"Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Помазай София – Степногорск қаласының А.С.Пушкин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;
"Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі" пәні бойынша Ыбырай Сабина - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.
Грамотамен марапатталды:
1."Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі" пәні бойынша Фогельзанг Захар - Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
2."Ағылшын тілі" пәні бойынша Темирбек Асан - Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
3."Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Сулейменова Сабина - Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.