Павлодар облысының Екібастұз қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Іс-шара философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеуге, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеуге, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Ақмола облысынан республикалық турға 5 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен:
- «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Құнанбай Жанерке - Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» номинациясы бойынша Тилейхан Тогжан - Аршалы ауданы Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» номинациясы бойынша Амандыққызы Аружан - Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Шәріп Айша - Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп - лицейінің 10-сынып оқушысы марапатталды.
Құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!