Ақмолалық жас инженерлер — робототехника бойынша халықаралық чемпионаттың үздіктері қатарында

Ақмолалық жас инженерлер — робототехника бойынша халықаралық чемпионаттың үздіктері қатарында

2025 жылғы 13 мамыр күні Астана қаласында «Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехника чемпионаты өтті.

«Robotek Grand Tournament» – мектеп оқушылары арасында робототехникадан өтетін халықаралық деңгейдегі беделді чемпионат.

Биылғы жарысқа Қазақстанның 17 өңірі мен 3 республикалық маңызы бар қалаларынан, сондай-ақ шетелден келген (АҚШ, Молдова, Болгария, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан) үздік командалар қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 350-ден астам оқушы.

Чемпионат қорытындысы бойынша:

«Жеткізуші робот» номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Abylaikhan» командасы марапатталды.
Құрамында: 7-сынып оқушылары Белгібай Амиржан және Асанбай Ілияс. Жетекшісі: Әбілжанов Нұржан Ғалиевич.

Сонымен қатар, «Bolashaq Sarayi» тәрбиеленушілері «Робобаскетбол» санатында үздік нәтиже көрсетіп, ІІ орын иеленді.
Құрамында: Булат Әбілмансұр және Жылқайдар Асылхан.
Жетекшісі: Құрманғазы Еркебұлан Берікұлы.