«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қорытындысы белгілі болды

«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қорытындысы белгілі болды

Астана қаласында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ тілі бойынша жыл сайын өтетін «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Аталған олимпиадаға Ақмола облысынан 6 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен:

Мәнап Сезім, Красный Яр ауылындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Сөз шеберлері» бағыты  бойынша марапатталды. Сонымен қатар, Astana International University университетінің «Педагогика және психология» (В001) білім беру бағдарламаларына жеңілдік сертификатымен иеленді.  

Елешұлы Нұрғиса, Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, «Әнші-бұлбұлдар» бағыты  бойынша марапатталды.

Бұдан бөлек, Марченко Юлия, Жақсы ауданы Қима ауылындағы К.Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Бейнелеушілер» бағыты  бойынша Мирас (Miras education) университетінің «Журналистика» (6В03201) білім беру бағдарламаларына жеңілдік сертификатына ие болды.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және жарқын болашақ тілейміз!