Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңін қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңін қорытындысы

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы  28-30 сәуір аралығында  Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңі өткізілді. 

Олимпиаданың мақсатты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.

Олимпиада 6 пән жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді: математика, физика, химия, биология, география, информатика.

Олимпиада 6 пән қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Олимпиаданың облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша 106 оқушы жеңімпаз және жүлдегерлер атанды: І орын-19, ІІ орын-37, ІІІ орын-50, грамота-4.