Ақмолалық команда – Tamos Off-Season 2025 жеңімпаздары қатарында

Ақмолалық команда – Tamos Off-Season 2025 жеңімпаздары қатарында

Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының Sipinine командасы Алматы қаласында өткен Tamos Off-Season 2025 робототехника жарысында зор жетістікке жетті.

Ақмола облысының командасы финалдық кезеңде үздік нәтиже көрсетіп, беделді - Inspire 3 Award жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар робоойында финалға шығып, Winning Alliance Partner ретінде мойындалып, жарыстың ең басты мәртебесіне ие болды.

Бұнымен шектелмей, команда Дубайда өтетін халықаралық чемпионатқа жолдаманы ұтып алып, еліміздің атын шетелде таныту мүмкіндігіне ие болды.

Құттықтаймыз!