Ақмола облысының колледждері арасында саппен жүру және ән айту байқауы өтті

Ақмола облысының колледждері арасында саппен жүру және ән айту байқауы өтті

Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледж аумағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық саппен жүру және ән айту  байқауы жоғары деңгейде өтті.

​Іс-шараға облысымыздың әр түкпірінен келген колледж студенттері қатысты. Ер жігіттермен қатар бойжеткендер де өздерінің саптық дайындығы мен патриоттық рухын паш етіп, нағыз ұйымшылдық пен тәртіптің үлгісін көрсетті.

​Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін арттыру, әскери тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ: 

Ұлдар арасында:

1-орын - Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық  колледжі;

2-орын - Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі;

3-орын - Ш.Уәлиханов Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі;

"Жеңіске деген жігері үшін" - Щучинск қаласы, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі

Қыздар арасында:

1-орын - Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық  колледжі;

2-орын - Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі;

3-орын - "Арна" Көкшетау жоғары колледжі;

"Жеңіске деген жігері үшін" - Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі