Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Сейтбаттал Темірлан VII Азия-Тынық мұхит лингвистикалық олимпиадасында (APLO 2025) қола медаль жеңіп алды.
Биылғы олимпиада 12 елде бір уақытта өтіп, шамамен 465 оқушыны біріктірді. Қатысушылар мисантла-тотонак, лума, тангса, мако және кхаси сияқты сирек кездесетін тілдерде тапсырмалар шешті. Барлығы 16 түрлі тілде тапсырмалар ұсынылды.
Қазақстан құрамасы тұңғыш рет алтын, күміс және үш қола медальмен қатар үш құрмет грамотасын жеңіп алып, Азия рейтингінде 8-орынға ие болды.
Темірланды лайықты нәтижесімен және командалық жетістікке қосқан үлесімен құттықтаймыз!