
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының» жалпы ұйымдастыруымен Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Балалар көркем сурет мектебі» 2020 жылдың 10 қыркүйегінде «Бояулар құпиясы» облыстық сырттай жас суретшілер байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау.
Байқауға Ақмола облысының 11 ауданынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынан жалпы 32 жас суретші қатысты.
Жұмыстар кенепте, қағазда немесе картонда орындалуы мүмкін. Картиналар кез келген техникада (акварель, гуашь, пастель, май, тушь және басқа материалдар) орындалады. Жаңашыл әдістермен жұмыс жасау құпталады.
1) «Коллаж» номинациясы. Қатысушылар кез келген материалда (картон, қағаз, кенеп) түсі мен фактурасы бойынша ерекшеленетін заттардың, материалдардың қандай да бір негізіне жапсыру арқылы жасалған сурет жасайды. Жасалған жұмысқа атау береді. Жұмыстың ең төменгі мөлшері: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес.
2) «Бояулар құпиясы» номинациясы. Бұл номинациядағы жұмыстар кез келген техникада (кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техника), кез келген жанрда (натюрморт, портрет, пейзаж) орындалуы мүмкін. Жұмысқа атау береді.
3) «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы» номинациясы.
Бұл номинациядағы жұмыстар графика техникасында (акварель, пастель, гельді қалам, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника) кез келген жанрда (ертегі, баталды, тұрмыстық және т.б.) орындалуы мүмкін.
Байқауды кәсіби қазылар алқасы 10-баллдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
Бағалау критерийлері:
- бірегейлігі;
- тақырып мағынасының тереңдігі мен берілуі;
- идеяны іске асыруға креативті көзқарас;
- көркем шеберлік негіздерін меңгеру.
- күрделілік дәрежесі;
- ойдың бірегейлігі;
- көркемді мәнерлілік (композициялық және түсті шешім);
- сындарлы шешімнің бірегейлігі.
Байқау 3 номинацияда болған:
«Коллаж» номинациясында:
1 орын –Аубакирова Назира – Зеренді ауданы, Ақкөл а.БШҮ (10-14 жас санаты);
1 орын – Жақсылықова Дильназ – Степногорск қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (15-17 (18 жасқа дейін) санаты;
2 орын –Қайролла Сағыныш –Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (10-14 жас санаты);
3 орын –Абубакирова Арина – Целиноград ауданы, «Жас Шабыт» БШО (10-14 жас санаты);
3 орын – Падалко Татьяна- Атбасар ауданы, БЖО (15-17 жас санаты (18 жасқа дейін).
«Бояулар құпиясы» номинациясында:
1 орын –Барышникова Дарья –Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (10-14 жас санаты);
1 орын –Маралтаева Айзада – Степногорск қ., Балалар көркемсурет мектебі (10-14 жас санаты)
1 орын – Ким Анна – Көкшетау қаласы., Балалар көркем сурет мектебі (15-17 жас санаты(18 жасқа дейін).
2 орын –Жамбылова Дильназ – Жақсы ауданы, Оқушылар үйі (10-14 жас санаты);
2 орын –Турсумбаева Гаухартас –Жақсы ауданы, Оқушылар үйі (15-17 жас санаты (18 жасқа дейін);
3 орын –Қайдар Нұрислам–Зеренді ауданы, №1 ОМ (10-14 жас санаты);
3 орын –Сураганова Сагыныш– Атбасар ауданы, Атбасар қ. БЖО ( 15-17 жас санаты (18 жасқа дейін).
«Сүйікті кітабымның иллюстрациясы» номинациясында:
1 орын –Шерьязова Сабина–Көкшетау қ., Балалар көркемсурет мектебі (10-14 жас санаты);
1 орын –Тулегенова Гульсум – Жақсы ауданы, Оқушылар үйі (15-17 жас санаты (18 жасқа дейін);
2 орын –Лихолетова Екатерина – Атбасар қаласы БЖО (10-14 жас санаты);
2 орын –Калымбет Адина –Көкшетау қ., Балалар көркемсурет мектебі (15-17 жас санаты (18 жасқа дейін);
3 орын –Фрошалова Анастасия–Атбасар қаласы БЖО (10-14 жас санаты).
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Олардың жетекшілеріне Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табысталады.
Бұдан бөлек барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.