2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында Көкшетау қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын, француз және неміс тілдері пәндерінен жалпы білім беретін мектептердің 9-11(12) сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикалық білім бәйгесінде еліміздің түкпір-түкпірінен 175 үздік оқушы бақ сынады. Ақмола облысының намысын 14 талантты жас қорғады: ағылшын тілінен – 9, француз тілінен – 1, неміс тілінен – 4 оқушы қатысты.
Ақмола облысының құрама командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясында ІІ-дәрежелі дипломға ие болды.
I-дәрежелі дипломмен «Білім-инновация»лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша Әбдікарим Мақсат марапатталды.
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ректорының білім грантымен республикалық олимпиаданың қола медалі иегері Тиржанова Жанель -марапатталды.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!