Планетаның болашағы сенімді қолда: мектеп оқушылары мен студенттер үздік экологиялық идеяларын ұсынды

Планетаның болашағы сенімді қолда: мектеп оқушылары мен студенттер үздік экологиялық идеяларын ұсынды

Зеренді ауданында орналасқан «Парус» демалыс орталығының базасында «Бұл жер - сенікі және менікі»  атты табиғат білгірлерінің облыстық турнирі өтті.

Іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы ұйымдастырды.

Турнирге Аршалы, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Жарқайың, Зеренді, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Қосшы қалаларынан, сондай-ақ өңір колледждерінен 50-ден астам бала мен студент қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар жерді көгалдандыру, баламалы энергия көздерін өндіру, туризмді дамыту және басқа да бағыттар бойынша өз жобаларын ұсынды.

Конкурс соңында номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

 «Өзін таныстыру» номинациясы:

1 орын -  Қосшы қ. IT-мектеп лицейі;

1 орын -  Жарқайың ауданы Тассуат а. негізгі орта мектебі;

2 орын – Бурабай ауданы Ұрымқай а. жалпы орта білім беретін мектебі;

2 орын – Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебі;

3 орын - Зеренді ауданы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжі; 

3 орын - Көкшетау қ. Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп -интернаты.

«Экологиялық туризм» жобасы:

1 орын – Мамитова Ясмина, Жакупова Томирис Біржан сал ауданы Бұланды а. жалпы орта білім беретін мектебі;

2 орын - Темеш Мирас, Маратова Жансая Көкшетау қ. Абай ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп -интернаты ;

2 орын - Эланова Аяжан, Көксеген Азиза Целиноград ауданы Қоянды а. №2 жалпы орта білім беретін мектебі;

3 орын - Красикова Валентина, Костюченко Мария Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжі.

«Экологиялық қоңырау» номинациясы:

1 орын – Подрезова Милана, Н.Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

1 орын – Кудобаева Камила, Маркелова Анастасия Жоғары техникалық колледжі;

2 орын - Хусаин Зарина, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

2 орын - Әліпқожа Нұрасыл, Көкшетау қ. Красный Яр а. №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы; 

2 орын - Кабдуллин Аян, Н.Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

3 орын - Сапарбекова Аделия, Н.Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;

3 орын - Тупавова Заира, Зеренді ауданы Зеренді а. №1 жалпы орта білім беретін мектебі;

 3 орын - – Ережепов Санжар, Көкшетау қ. Абай ат.дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп -интернаты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және орталықтың естелік сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.