Ақмолалық оқушылар Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың жүлдегерінің үштігіне енді

Ақмолалық оқушылар Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың жүлдегерінің үштігіне енді

2025 жылғы 21-24 сәуір аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Ақмола облысынан республикалық турға 9 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің қатысушылар тамаша нәтижелер көрсетті.

ІІ-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Кульчимбек Қарлығаш марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Бейсенбай Алуа-Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 3  көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
  2. Муратова Жанель - Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Грамотамен IQanat High school of Burabay мектебінің 9-сынып оқушысы Слямбек Алтай марапатталды.

Ерейментау ауданы Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Дюсек Назымға 15 мың теңге ақшалай сыйақы берілді.

Құттықтаймыз!