Ұстаз – татами шебері: Тайбай батыры Ташкенттен күміс әкелді

Ұстаз – татами шебері: Тайбай батыры Ташкенттен күміс әкелді

2025 жылдың 11–21 сәуірі аралығында Ташкент қаласында самбодан Азия және Мұхит елдері чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додаға әртүрлі мемлекеттерден келген мықты спортшылар қатысып, жеңіс жолында бақ сынасты. Олардың қатарында – Ақмола облысының өкілі, біздің жерлесіміз, Ералинов Асқар Рүстемұлы болды.

Аскар Есенович – жай ғана спортшы емес. Ол – Ерейментау ауданына қарасты Тайбай ауылындағы мектептің директоры. Ұстаз, басшы және спортшы ретінде ол күн сайын ерік-жігердің, еңбекқорлық пен қайсарлықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Жыл басында ол самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатында 3-орынды жеңіп алып, халықаралық деңгейдегі жарысқа жолдама ұтқан болатын.

Ташкент төрінде 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аскар Есенович өз шеберлігін толықтай дәлелдеді. Қарсыластары осал болмағанымен, ол шешуші кездесуге дейін жетіп, тек финалдық белдесуде ғана есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Бұл жеңіс – жай ғана медаль емес. Бұл – жастарға үлгі болатын үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі. Мұндай тұлғалар – ел рухын көтеретін, ұлт болашағына бағыт-бағдар беретін нағыз батырлар.

Асқар Рүстемұлы, Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Ел мерейін үстем етіп, өскелең ұрпаққа өзіңіздің өнегеңізді көрсеткеніңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Біз Сізбен мақтанамыз