Ақмола облысында педагог-психологтардың I аймақтық форумы өтті

Ақмола облысында педагог-психологтардың I аймақтық форумы өтті

Өңірде білім беруді психологиялық сүйемелдеу саласында 342 маманды біріктірген педагог-психологтардың бірінші форумы өтті. Іс-шара форсайт-сессиялар мен пленарлық бөлімді қамтыды, психологиялық қызметтердің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын терең және мазмұнды талқылауға арналған алаң болды.

Форсайт- сессиялары аясында психологиялық қолдау саласындағы негізгі мәселелер мен даму болжамдары терең және мазмұнды талқыланды. Өткізілген алаңдарда маңызды мәселелер көтеріліп,  қызу пікірталастар жүргізілді.

Сонымен қатар, форсайт- сессиялармен қатар «Педагог- психологтардың шығармашылық зертханасы» мен «Психолог- көшбасшы: кәсіби даму траекториясы. Кәсіби жетістіктер залы» көрмелерінде облыстық  педагог- психологтар қауымдастығының кәсіби жетістіктері көрсетілді. «Жас психолог» байқауы жеңімпаздарының жобалары да таныстырылды.

Форум қорытындысында қатысушылар психологиялық қызметтің болашағын айқындайтын нақты ұсыныстар әзірледі