Астанада IC3 «Counseling as a Culture» халықаралық форумы өтті

Астанада IC3 «Counseling as a Culture» халықаралық форумы өтті

Астана қаласында 2025 жылғы 19 сәуір  күні "Counseling as a Culture"тақырыбында IC3 халықаралық форумы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

Форум шет елдерден, соның ішінде Канада, АҚШ, Қытай, Гонконг және Үндістаннан кәсіби бағдар беру саласындағы жетекші сарапшыларды жинады.

Форумның негізгі мақсаты мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды. Болашақ мамандықты таңдау және колледждер мен университеттерге түсу процесінде оқушыларды кәсіби қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форум аясында шетелдік (Канада, Англия, Италия, АҚШ, Қытай, Гонконг, БАӘ) және қазақстандық университеттер мен колледждер қатысқан ауқымды көрме ұйымдастырылды. Оқушылар мен олардың ата-аналары әртүрлі білім беру бағдарламаларымен және мансаптық өсу перспективаларымен танысуға бірегей мүмкіндік алды.

Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагог-кәсіптік бағдар берушілер, мектептер, колледждер мен университеттер басшылары мен басшыларының орынбасарлары қатысты. «Бурабай ауданы Щучинск қ. Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі» МКҚК басшының орынбасарлары Наталья Дмитриевна Ермоленко, Михаил Сергеевич Перминов және Наталья Викторовна Семкина таныстырып, олар форум жұмысына кәсіби бағдар беру мәселелері бойынша белсенді қатысты.

IC3 халықаралық форумы тәжірибе алмасу, жастардың кәсіби бағдарлануының өзекті мәселелерін талқылау және Қазақстандағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды платформаға айналды.