Қызылорда қаласында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиадаға облыстық кезеңнің 185 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, Қазақстан тарихы пәні бойынша – 4 қатысушы, құқық негіздері пәні бойынша - 4 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
I-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 10-сынып оқушысы, «Құқық негіздері» пәні бойынша Ақылбай Кәусар марапатталды.
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Қабдуахит Нұрасыл - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша;
2.Жусупова Дамира - Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Құқық негіздері» пәні бойынша.
IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
2.Султанова Сания - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша.
Сонымен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының білім грантымен республикалық олимпиаданың күміс медалі иегері Қабдуахит Нұрасыл - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша марапатталды.
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева жүлдегерлерді жеке құттықтап, оқуда табыс және жаңа жетістіктер тіледі.