Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Тиржанова Жанель Испания мен Гонконгтың жетекші университеттеріне грант жеңіп алды-деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Жанель өзінің еңбекқорлығы, білімге деген құштарлығының арқасында барлық емтихандарды тапсырып, өз мақсатына жете алды.
ESADE Business School (Барселона) – “Business Administration and AI for Business” қос дипломдық бағдарламасы бойынша толық грант иегері атанды. ESADE – әлемнің үздік бизнес мектептерінің бірі ретінде 17-орынды, ал Еуропада 6-орынды иеленіп, Financial Times Global MBA рейтингісі бойынша мойындалған.
IE University (Мадрид) – “Business Administration and Data & Business Analytics” қос дипломдық бағдарламасына толық грантпен қабылданды. IE University – Бизнес мамандығы бойынша Еуропаның үздік 10 университетінің қатарында.
City University of Hong Kong – “FinTech” мамандығына шартты гранттық шақырту алды. Бұл университет Азияның үздік оқу орындарының бірі болып саналады және QS World University Rankings 2025 бойынша 62 орында, ал QS Asia University Rankings 2025 бойынша 10 орында тұр.