От ішінде сыналған ерлік

От ішінде сыналған ерлік

2025 жылдың  сәуір айында Степногорск қаласындағы «Мақсат» колледжінің студенті Иван Александрович Мизин ерекше ерлік танытып, қауіпке тап болған балаларға көмектесті.

Ол қалалық аурухана маңында орналасқан екі қабатты қараусыз қалған ғимараттан шыққан өртті байқайды. Іште ағаш, диван және құрғақ шөп жанып, ғимаратты қою түтін басып қалған екен. Терезелер темір торлармен жабылып, тек бір ғана терезеде тор болмаған, бірақ дәл сол жерден өрт шығыпты.

Иванға балалар жүгіріп келіп, ғимарат ішінде екі досы қалып қойғанын айтып, көмек сұраған. Иван бірден балаларға көмек көрсетуге ұмтылыпты. Жанып жатқан диванды жылжытып жол ашуға тырысқанымен, ауыр диван орнынан қозғалмады. Сол сәтте жақын маңдағы екі полиция қызметкерін көріп, дереу оларға жүгініп, Иван көмек сұрапты. Полицейлермен бірге өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, өрт сөндіру қызметі келгенше балаларды аман алып шықты.

Иван Мизин жеңіл күйік алғанымен, оның өміріне қауіп жоқ. Оның ержүректік және жанқиярлық әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алды.

Иванның бұл ерлігі — батылдық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі. Біз осындай студенттерімізбен мақтанамыз!