Көкшетаулық оқушы емтихан тапсырмай-ақ университеттің толық грантын жеңіп алды!

Көкшетаулық оқушы емтихан тапсырмай-ақ университеттің толық грантын жеңіп алды!

Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің 11 «Б»сынып оқушысы Жакетова Меруерт «Dostyq» Білім беру орталығы ұйымдастырған пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде физика пәні бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді!

Өзінің жетістігінің арқасында – Меруерт Алматы қаласындағы Еуразия Технологиялық Университетінің толық білім грантының иегері атанып отыр!

Ол тек өз мектебінің емес, бүкіл өңіріміздің үмітін ақтап, ғылым жолындағы алғашқы үлкен қадамын жасады.