Облыстық байқауда үздік педагогикалық жоба анықталды

Облыстық байқауда үздік педагогикалық жоба анықталды

Биология мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және зерттеу, эксперименттік және инновациялық қызметті дамытуға ынталандыру мақсатында әдістемелік орталығы «Биология пәні мұғалімінің үздік педагогикалық жобасы» облыстық байқауын өткізді.

Шығармашылық байқауға 35 педагог қатысты.

«Конкурстар әрдайым мұғалімнің шығармашылық әлеуетін және кәсіби өсуін дамытудың тиімді құралы болды және болып қала береді, өйткені олар теория мен практиканың жаңа бағыттарын анықтауға және зерттеуге, оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдауға бағытталған», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Облыстық сайыстың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар белгіленді:

1 орын – Жунусова Ольга Викторовна, Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашино ауылының №1  мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі;

2 орын – Байболина Жанар Рамазановна и Балканова Сандугаш Молдагалиевна, Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімдері;

2 орын – Коваль Татьяна Николаевна, Щучинск қаласының №10 мектеп-интернатының химия және биология пәндерінің мұғалімі;

3 орын – Кабиденов Бахтияр Ерболатович и Кабиденова Айгерим Руслановна, Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының және Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімдері;

3 орын – Торсунова Бахытгуль Рамазанова, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі;

3 орын – Яськова Ирина Владимировна, Атбасар қаласының №3 мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі.

Сонымен қатар, бес педагог Грамоталармен марапатталды.

Құттықтаймыз!