5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

5-8  сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 10 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында 5-8  сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Байқаудың негізгі міндеттері:

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымын дамыту;

Табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға деген қызығушылықты қолдау;

Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауды тәрбиелеу;

Оқушыларды экологиялық бастамалар мен жобаларды іске асыруға тарту.

Байқау бағыттары:

1.«Туған өлке табиғаты» бағыты - туған өңірдің табиғи аймақтары мен экожүйелерінің бірегейлігін көрсететін виртуалды экскурсиялар, 3D-модельдер, интерактивті карталар т.б. (жеке жоба).

2.«Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты - табиғат пен оның құбылыстарын бейнелейтін бейнетүсірілімдер, шағын документалды фильмдер, көркем әңгімелер, фотоэсселер (жеке жоба).

3.«Үздік экологиялық бастама» бағыты - экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар, макеттер, экодизайн, аналитикалық зерттеулер, инфографикамен толықтырылған мәтіндік жобалар (командалық жоба, 2 қатысушыдан аспауы тиіс).

4.«Таза қала сізден басталады» бағыты - экологиялық акциялар, көгалдандыру, абаттандыру, фотоесептер, бейнежобалар және қалалық ортаны жақсартуға арналған аналитикалық материалдар (жеке жоба).

Байқаудың қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен –  5 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.

Байқаудың облыстық кезеңінде 1 орын алған 4 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

І-дәрежелі диплом марапатталды:

«Үздік экологиялық бастама»  бағыты бойынша Белан Максим  - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

«Үздік экологиялық бастама»  бағыты бойынша Кореев Кирилл  - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

«Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Карпыкова Айлина - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 8-сынып оқушысы;

«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Нурмагамбетова Сайна -  Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;

ІІ-дәрежелі диплом марапатталды:

«Үздік экологиялық бастама»  бағыты бойынша Кадирбекова Дария - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 8-сынып оқушысы;

«Үздік экологиялық бастама»  бағыты бойынша Дотей Айым  - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 8-сынып оқушысы;

«Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Хасиева Малика - Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Хайратбек Ақжібек - Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;

«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Сумина Ольга - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

ІІІ-дәрежелі диплом марапатталды:

«Үздік экологиялық бастама»  бағыты бойынша Жандарбек Нұрислам -  Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;

«Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Кучуков Касымхан -  Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

«Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Көпжасар Іңкәр - Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Сембаева Айым - Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;

«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Уранбай Ұлболсын - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

Грамотамен марапатталды:

«Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша Қапан Мағжан - Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;

«Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша Мырзағали Мерей - Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;

«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Мурзина Ясмина - Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Курский ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Лашков Станислав - Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Киров ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы.