
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын
- Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы
- Есіл ауданы, Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжай – бақшасы
-II орын
- Жақсы ауданы, Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
- II орын - Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақшасы
-III-орын
- Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының «Акбота» бөбекжайы
Сонымен қатар номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
- «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - (команда) Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы
- «Белсенді ойыншылар» (команда) -Атбасар ауданы, Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы
-«Үздік ойын алаңы» - Көкшетау қаласының «Арай» бөбекжайы
Жеңімпаздар және қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының дипломдарымен, грамоталармен марапатталады.