Ақмола облысында WorldSkills-2025 өңірлік байқауы басталды

Ақмола облысында WorldSkills-2025 өңірлік байқауы басталды

Бүгін  «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Степногорск қаласындағы тау-кен техникалық және Красный яр а. Көпсалалы инновациялық колледждерінде 10 құзыреттілік бойынша WorldSkills Aqmola-2025 чемпионатының алғашқы конкурстық күндері өтуде.

Бағалауды WorldSkills стандарттары бойынша сарапшы-компатриоттар жүргізеді.

Өңірлік чемпионаттың Сараптамалық комиссиясы компатриот сарапшыларынан - өндірістік оқыту шеберлерінен және өндіріс компанияларының өкілдерінен-болашақ жұмыс берушілерден тұрады: «Камаз центр-сервис» ЖШС, «Ақай» сән үйі, «Эль-Нур Сервис» ЖШС, «Тыныс» АҚ және басқа да компаниялар.

WorldSkills Aqmola-2025  чемпионатына өңірдің 11 колледжінің алаңдарында 65 құзырет бойынша 300-ден астам студент қатысуда. Ақмола облысының студенттерінен басқа 7 өңірдің өкілдері қатысады:  Астана қ., Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары.

Ақмола облысында ТжКББ ұйымдарының студенттері арасындағы WorldSkills-2025 өңірлік байқауы ағымдағы жылдың 23 сәуіріне дейін жалғасады.

Барлық қатысушыларға сәттілік және жеңіс тілейміз!