Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Мағжан оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:
I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу;
II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы;
III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) байқауы.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:
- Еренбекұлы Нұрсұлтан - Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – I орын;
- Дастан Айзере - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы – IІ орын;
- Жартай Жаным - Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы– IІІ орын;
- Сатыбалдина Раушан - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы – грамота;
- Халибек Жаннұр - Жарқайың ауданы Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – грамота.
«Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
- Амангелді Диас - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім -инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – І орын;
- Габдуллина Дильназ - Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы – ІІ орын;
- Жанатбекқызы Назылы - Бұланды ауданы "Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – ІІІ орын;
- Шамыханова Айша - Целиноград ауданы Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы – грамота.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:
- Усербаев Елжас - Степногорск қаласының Ю.А.Гагарин атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы – I орын;
- Эргашев Мұхаммед - Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – IІ орын;
- Абдуразақ Иманғали - Қосшы қаласы ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – IІІ орын;
- Шолтаманов Даулет - Ақкөл ауданы Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – грамота.
Мағжан оқулары байқауының I орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!