2025 жылғы 5 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларына арналған VI республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы Көкшетау қаласында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетнің базасында өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары – математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу.
Олимпиада мемлекеттік тілде офлайн форматта ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 10-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 13 оқушы, грамотамен- 6 оқушы, сертификатпен- 2 марапатталды.
11-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен– 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 12 оқушы, грамотамен - 7 оқушы марапатталды.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқуға білім беру ішкі гранты Степногорск қаласынан келген 11-сынып оқушысы, І-дәрежелі диплом иегері Расул Биляловқа берілді.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқуға 50% жеңілдік Қосшы қаласынан келген 11-сынып оқушысы, ІІ-дәрежелі диплом иегері Есенәлі Елнұрға табысталды.
Сондай-ақ, аталған ЖОО-да оқуға 30% жеңілдік Қосшы қаласынан келген 11-сынып оқушысы, ІІІ-дәрежелі диплом иегері Жанболат Әмираға берілді.
Барлық грамота иегерлеріне, 11-сынып оқушыларына аталған ЖОО-да оқуға 10% жеңілдік берілді.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ішкі грантымен олимпиаданың алтын жүлдегері Базарбай Нұрсұлтан - Бурабай ауданының 11-сынып оқушысы марапатталды.
Құттықтаймыз!