
Орал қаласында 2025 жылғы 31 наурыз – 04 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Олимпиадаға облыстық кезеңнің 164 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.
Олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 4 қатысушы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша - 4 оқушы.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша оқушыларымыз тамаша нәтижелер көрсетті.
I-дәрежелі дипломмен «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәні бойынша Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Бабкова Анастасия марапатталды.
II-дәрежелі дипломмен "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Мардан Әсем марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломмен "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Кульчимбек Қарлығаш марапатталды.
Құттықтаймыз!