«Серпін» бағдарламасы

«Серпін» бағдарламасы

А.ж. 3 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Серпін» бағдарламасын іске асыру жөнінде 2025 жылғы педагогикалық мамандықтардың бітіруші курс студенттерімен Ақмола облысының жұмыс берушілерімен кездесу өтті, «жұмыс беруші-түлек» консультациясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова, жұмыс берушілер, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, университет әкімшілігінің өкілдері, студенттер қатысты.

Естеріңізге салайық, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 2014 жылдан бастап Серпін» бағдарламасы аясында кадрлар даярлауға қатысып келеді.    Қазіргі таңда жоба бойынша университетте 1600 астам студент білім алуда, ал оның 377-сі биыл оқұды аяқтайды. 

Іс-шара барысында Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау университеті және Көкшетау қаласының №1, №2, №6, №11, №19, мектептері, Степногорск қ Ы.Алтынсарин ат. №7 мектебі, Степногорск қ. Ю. Гагарина ат. мектебі, Целиноград ауданы, Ақмол ауылының мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, студенттерге өңірдің білім беру саласында бос жұмыс орындарының болуы, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі және ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдар жасасу жайлы ақпарат берілді.

Атап айтсақ, «Серпін» бағдарламасының негізгі мақсаты-еліміздің оңтүстік өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстары), шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінен келген жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру.