«Ділмар» телевизиялық жобасының қорытындысы

«Ділмар» телевизиялық жобасының қорытындысы

2025 жылдың 27-28 наурыз күндері Жетісу облысы, Талдықорған қаласында Жетісу облысының білім басқармасының дене тәрбиесі спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми - тәжірибелік орталығы «Жетісу» телеарнасында  Республикалық «Ділмар» пікірсайыс тележобасын өткізді.

«Ділмар» пікірсайыс тележобасына Астана мен Алматы қалалары, Ақмола,  Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстарынан келген жас ділмарлар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсету үшін жиналды.                                                                        

Ақмола облысынан Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Шаменова Фариза және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің І курс студенті Амангелді Арайлым, сондай - ақ делегация жетекшісі Темірбек Ислам Талғатұлы, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқытушысы қатысты.

Тележобаның қорытындысы бойынша Амангелді Арайлым «Үздік сарапшы» номинациясына ие болып, Шаменова Фариза «Жетісу» телеарнасының алғыс хатымен мараппаталды.

Бұл іс-шара жаңа тәжірбие алуға, пікір алмасуға және келешекке бағыт алу үшін үлкен мүмкіндік болды.