Облыстық семинарда ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану мәселелері талқыланды

Облыстық семинарда ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану мәселелері талқыланды

2025 жылғы 31 наурызда Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясында «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін техникалық көмекші құралдар мен баламалы технологияларды пайдалану» атты облыстық семинар өтті.

Семинар арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарының қатысуымен өтті, өйткені олар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда жалпы білім беру мекемелерін қолдауда шешуші рөл атқарады және тиімді амалдар мен әдістерді игеруге көмектесетін әдістемелік ұсыныстар береді. 

Отырыс барысында есту, көру, зерде бұзылыстары бар балалармен жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдаланудың теориялық және практикалық мәселелері; аутизм спектрі бұзылған балаларды оқыту технологиялары; баламалы технологияларды табысты қолдану мысалдары, сондай-ақ «I-SANA TECH» компаниясының интерактивті жабдықтарын көрсету қарастырылды.

Іс-шараға қатысқан мұғалімдерге мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін заманауи техникалық құралдар мен баламалы технологияларды қолдану бойынша білімдері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Атап айтсақ, облыстың білім беру ұйымдарында әрбір бала оның дамуы мен әлеуметтенуі үшін қажетті сапалы білім мен қолдау ала алатын жайлы орта үшін барлық жағдайлар жасалуда.