2025 жылғы 27-28 наурыз күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Іс-шара мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және педагогикалық шеберлігін дамытуға, педагог мамандығының мәртебесін арттыруға ықпал етеді.
Республикалық кезеңге Ақмола облысынан облыстық турдың жеңімпаздары қатысты:
«Олимпиадалық тапсырмалар бастауыш мектеп бағдарламалары бойынша жазбаша авторлық тапсырмалар болды, олардың көпшілігі логикалық есептерден тұрды", - деп бөлісті қатысушылар.
Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша:
І орын - Копешова Ботагөз Есентаевна, Красный яр ауылының № 1 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын - Киреева Галина Алексеевна, Есіл ауданы С.Сериков ат. мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
ІІІ орын - Гребенщикова Мария Владимировна, Бурабай ауданы Қ.Сәтпаев ат.мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Сонымен қатар, Қосшы қаласының «Dara» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Уменова Асель Азимхановна Грамотамен марапатталды.
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!