
Алматы қаласында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және математика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды. Жарысқа облыстық кезеңнің 324 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.
Ақмола облысынан 14 оқушы қатысты, география пәні бойынша – 8 қатысушы, математика пәні бойынша - 6 оқушы қатысты.
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Ғалым Рахман- "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;
2.Қайыргелді Мансұр- "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша.
IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Есиркесинов Фараби - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Математика" пәні бойынша;
2.Жақсылық Алдияр - Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Математика" пәні бойынша;
3.Сейтбаттал Темірлан - "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Математика" пәні бойынша;
4.Төлегенов Ерсұлтан - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;
5.Булкаиров Бахтияр - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;
Грамотамен мараппатталды:
Сонымен қатар, республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері Ғалым Рахман - "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының білім грантымен марапатталды.
Құттықтаймыз!