Ақмолалықтар TikTok әлеуметтік желісіндегі «АДАЛ ҚОҒАМ» республикалық байқауының жүлдегерлерінің үштігіне енді

Ақмолалықтар  TikTok әлеуметтік желісіндегі «АДАЛ ҚОҒАМ» республикалық байқауының жүлдегерлерінің үштігіне енді

БҚО-да «Заң мен тәртіп» нарративін нығайту аясында TikTok әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған «АДАЛ ҚОҒАМ» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам жұмыс ұсынылды.

Байқау қазылар алқасының айтуынша, қатысушылар креативтіліктің жоғары деңгейін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелерін шешу қабілетін көрсетті. Олардың еңбектерінде адалдыққа, парасаттылыққа және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін толық айыптауға шақырулар бар.

«Олардың бейнероликтері жеке өмірдегі адалдықтың маңыздылығын ғана емес, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың жалпы қоғам үшін жағымсыз салдарына назар аударуды да қамтыды.

Көптеген қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің инновациялық және ерекше шешімдерін ұсынды, бұл олардың шығармашылық көзқарасы мен адал және әділ қоғамды қалыптастыруға белсенді қатысуға дайындығын атап өтті»,- деп қосты төрешілер алқасының мүшелері.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

І орын

Баянғалиев Әскербек Джонұлы (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы);

ІІ орын

Абдулла Айдана Дүйсенбайқызы (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы);

ІІІ орын

Аниканов Александр Павлович  (Ақмола облысы, Степногорск қаласы, «Тау-кен техникалық колледжі»).

Сонымен қатар,  Көкшетау қаласындағы  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қатысушысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатт жіберілді.

Атап айтсақ, байқау жастарға қоғамдағы заңдылық пен этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша өз пікірлері мен белсенді азаматтық ұстанымдарын білдіруге тамаша алаң болды.

Құттықтаймыз!