Тарихтағы екінші ғасыр: Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 127 жылдық еңбек жолы

Тарихтағы екінші ғасыр: Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 127 жылдық еңбек жолы

2025 жылдың 26 наурызы күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев 100 жылдан астам тарихы бар білім беру ұйымдарының басшылары мен ұжымдарымен онлайн кездескен болатын. Кездесудің мақсаты тек қана бай тарихы бар білім беру ұйымдарының дәстүрлерін сақтау мен дамыту емес, сонымен қатар олардың қазіргі заман талабына сай әрі қарай дамуының жолдарын талқылау болды.

Кездесу барысында Ғани Бейсембаев білім беру бағдарламаларын қазіргі заман талаптарына бейімдеудің, білім сапасын арттырудың және инновациялық әдістемелерді енгізудің қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар ол осы оқу орындарының материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын дамыту, педагогикалық ұжымдарды қолдау және олардың біліктілігін арттыру қажеттілігіне тоқталды.

Министр тарихи мектептер мен колледждердің білім беру жүйесіндегі рөліне қоғамның назарын аударуға ерекше мән беру қажеттігін айтты, өйткені олардың патриотизмді тәрбиелеудегі және мәдени мұраны сақтаудағы маңызы зор. Сонымен қатар, бұл оқу орындары ұлттық тарих пен мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтіп, олардың сақталуы мен дамуы мемлекет үшін басымдықты мәселе екенін мәлімдеді.

Бұл кездесу білім беру жүйесіндегі тарихи мұраны сақтаудың маңыздылығын және оны қазіргі білім беру стандарттарымен үйлестіруге ұмтылысын көрсетеді. Кездесу қорытындысында тарихи білім беру ұйымдарын қолдау және дамыту бойынша нақты ұсыныстар жасалып, бұл оқу орындары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық платформасын құру күтілуде.