Ақмолалық оқушылар робототехникадан республикалық олимпиадада үздік атанып, халықаралық кезеңге жолдама алды

Ақмолалық оқушылар робототехникадан республикалық олимпиадада үздік атанып, халықаралық кезеңге жолдама алды

2025 жылдың 15-16 наурыз күндері Астана қаласы, Назарбаев университетінде «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасының робототехникадан республикалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың міндеті –халықаралық кезең мен әлемдік финалға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командаларын қалыптастыру.

Робототехника олимпиадасына Қазақстанның барлық өңірінен 650 команда қатысып, 2000-ға жуық қатысушы өз бақтарын сынады. Ақмола облысынан 1-11 (12) сынып аралығындағы 57 команда 13 санат бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес жарысты.

Қазылар алқасы жас инженер-робототехниктердің басқаруындағы роботтардың жұмысын бағалап, келесі жеңімпаздарды анықтады:

Lego Line Following санаты бойынша:

- Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Қайырбек Қайрат Қанатұлы, Асанбай Ілияс Нұрланұлы, Белгібай Әміржан Мұхтарұлы, Жеңіс Ерасыл – 1 орын. Амантай Әуез Сексенбайұлы, Дулан Арслан Маратұлы және Қайрат Мадияр Думанұлы – 2 орын. Жетекшісі – Абильжанов Нуржан Галиевич.

- Бұланды ауданы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Бегзан Абдурахман – 2 орын. Жетекшісі – Бегзан Байсултанбек.

- Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі, «Astana IT» университетінің студенті Айтжан Ілияс Қуанышбекұлы, Красный Яр ауылы, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Айтжан Нұржас Қуанышбекұлы және Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің оқушысы Қайыржанов Әміржан Ерланович құрама команда ретінде 2 орынға ие болды. Жетекшісі – Қажигалиева Данагүл Ғалиева.

- Қосшы қаласының «Jana Beles» жеке меншік балаларды дамыту орталығының білім алушылары Аманбаев Арнұр, Орал Інжу, Әлібекұлы Абылай, Махмет Мансұр Түркияның Анталия қаласында өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Жетекшісі – Мұсахмет Даниал Асқатұлы.

- Көкшетау қаласы, №12 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Мейрам Лаура Булатқызы және Теміртас Бақтияр Жасланұлы – 1 орын. Жетекшісі – Алькенов Данекер Амангельдыұлы.

- Степногорск қаласы, А.С.Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің оқушылары Баранов Давид Олегович және Тоқтар Жанәлі Әділханұлы – 3 орын. Жетекшісі – Акимбаев Талғат Қабиоллаевич.

1kg Lego Sumo санаты бойынша:

- Bolashaq Sarayi-ның білім алушылары Жылқайдар Асылхан және Булат Әбілмансұр – 2 орын. Жетекшісі – Құрманғазы Еркебұлан Берікұлы.

- Көкшетау қаласы, Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің оқушылары Бекішев Мирас пен Төлеген Арслан Түркияның Анталия қаласында өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Жетекшісі – Талғатұлы Нияз.

- Степногорск қаласы, Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушылары Кисилев Данил Александрович және Окопович Давыд Александрович Түркияның Анталия қаласында өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Жетекшісі – Филатова Анастасия Вячеславовна.

Autonomous Car Racing санаты бойынша:

- Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі, «Astana IT» университетінің студенті Айтжан Ілияс Қуанышбекұлы, расный Яр ауылы, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Айтжан Нұржас Қуанышбекұлы және Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің оқушысы Қайыржанов Әміржан Ерланович – 1 орын. Жетекшісі – Қажигалиева Данагүл Ғалиева.

Rally Drone Racing санаты бойынша:

- Көкшетау қаласы, № 20 мектеп-гимназиясының оқушылары Хатиуллин Айсултан, Әлжанов Асхат, Еркін Хасен – 2 орын. Жетекшісі – Аяпберген Олжас Серікбайұлы.

Роботтарды жобалау, бағдарламалау және техникалық мамандықтарды дәріптеуге бағытталған чемпионаттың жеңімпаздары мен ең үздіктері 2025 жылдың 16-20 сәуірі күндері Түркияның Анталия қаласында өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.