Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында «Интеллект бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру технологиялары: мақсат, әдіс, нәтиже» тақырыбында І Республикалық семинар өтті.
Бұл іс-шараға Жарқайың ауданы, Н. Крупская жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы-педагог-сарапшы, педагогика ғылымдарының магистрі Аслан Манатов қатысты.
Республикалық семинар барысында Аслан Айтжанұлы:«Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалардың сенсомоторлық және эмоционалды-ерік функцияларын дамытуға арналған сенсорлық ойындардың вариативтілігі» тақырыпта мастер-класс өткізді. Ол өз баяндамасында АСБ бар балалармен жұмыс істеуде қолданылатын инновациялық әдістер мен тәсілдерді көрсетті, сондай-ақ сенсорлық ойындардың олардың сенсомоторлық және эмоционалды-ерік дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, мамандарға пайдалы болатын практикалық ұсыныстар мен әдістемелік материалдармен бөлісті.