«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы байқауының облыстық кезеңі аяқталды

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!»  балалар киносы байқауының облыстық кезеңі аяқталды

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносының республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Іс-шара балалар кинематографиясын қолдауға және насихаттауға, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін анықтауға, дарынды балалар мен жастарды қолдауға, балаларды қосымша біліммен қамтуға ықпал етеді. 

Байқауға Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау аудандарынан, Көкшетау қаласынан және Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан 34 бала қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша  келесі жеңімпаздар анықталды:

«Ойынды кино» номинациясы

1 орын - Фесюк Виктория, Сандықтау ауданы;

2 орын – Рахманова Мадина, Есіл ауданы;

3 орын - Мажитова Сабина, Жақсы ауданы.  

«Деректі кино» номинациясы

1 орын - Ким Арина, Сандықтау ауданы;

2 орын – Сембаева Айша, Қорғалжын ауданы;

3 орын – Башарова  Фариза, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты.

«Анимация» номинациясы

1 орын - Адильшинова Нурлыайым, Жақсы ауданы;

2 орын – Әбжән Қазбек, Қорғалжын ауданы;

3 орын – Шеина Арина, Сандықтау ауданы.

«Үздік бейнеклип, бейнеролик» номинациясы

1 орын - Ғабиден Зейнеп, Жақсы ауданы;

2 орын – Колесниченко Маргарита, Есіл ауданы;

3 орын – Бақыткерей Мади, Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты.

«Телевизиялық сюжет» номинациясы

1 орын - Саркен Айғаным, Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

2 орын – Сальников Александр, Сандықтау ауданы;

3 орын – Горбулина Ангелина, Жақсы ауданы.

«Балаларға арналған ең жақсы телебағдарлама» номинациясы

1 орын - Жарук Илья, Есіл ауданы;

2 орын – Нурсултан Аружан,  Жақсы ауданы.

«Үздік ғылыми – танымал фильм» номинациясы

1 орын - Закиров Азар, Көкшетау қаласы;

2 орын – Маратова Жансая, Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

3 орын – Кашимова Аружан, Жақсы ауданы.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға байқауға  қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.